Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Написать нам
02 қараша, 2018, 14:02 3286 Астана
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық топтары мен кафедраларының жетекшілері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, ғылыми зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз", – деген сөзіне тоқталды.

Мемлекеттік хатшы әрбір қазақстандықтың жаңғырулар үдерісіне атсалысу сезімін қалыптастыру жолындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қолдаудың маңыздылығына, сондай-ақ қоғамдық санаға "Рухани жаңғырудың" біріктіруші әрі жасампаздық әлеуетін терең сіңіру қажеттігіне тоқталды.

"Президент жариялаған Жастар жылы аясында жастарға және отбасы институтына қолдау көрсету ғылыми-сарапшылық жұмыстың маңызды бағыты болуға тиіс", – деді Мемлекеттік хатшы.

Отырыста жүргізілген зерттеулер нәтижелері мен әлеуметтік-демографиялық және этносаралық саладағы 2019-2020 жылдарға арналған ғылыми жұмыстар жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану", "Ұлы дала Елінің киелі мұрасы" жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Дала Әміршілерінің Алтыны" көрмесі мен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Сарыарқа археологиялық институтының көрмесі ұйымдастырылды. Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрааралық ғылыми-ағарту орталығының және Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жаңа ғылыми материалдарының таныстырылымы өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар