Астанада Қазақстан мен Сербияның достығын айғақтайтын тұрғын үй кешені салынады

10 қазан, 2018, 10:20 1054 Астана
Астанада Қазақстан мен Сербияның достығын айғақтайтын тұрғын үй кешені салынады

Тұрғын үй кешені өзіндік сәулетімен ерекшеленетін болады.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Астанада көпфункционалды "БК Тесла Парк" тұрғын үй кешенінің іргетасы қаланатын орынға капсула салды, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоғары мәртебелі қонақтарды Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстанның Сербиядағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Сербияның Қазақстандағы елшісі Владан Матич, "Дана Холдингс" директорлар кеңесінің төрағасы, Сербия халық депутаты Драгомир Я. Карич күтіп алды. Салтанатты рәсімде ҚР Премьер-министрі мен Сербия Президенті Жолдау мәтінін капсулаға салып, оны құрылыстың іргетасы қаланатын жерге бірге салды.

"Ұрпаққа жолдау" мәтінінде "Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы тұрғындарының арасындағы достық біздің бауырлас халықтарымыздың арасындағы сан ғасырлық қарым-қатынастар тарихының ерекше беттері болып қала береді", - делінген Жолдауда.

Тұрғын үй кешені өзіндік сәулетімен ерекшеленетін болады. Архитектуралық шешімде қосымша пластикалық фасад қолданылады және түрлі фактураны үйлестіру мақсатында тәуліктің әр кезінде әр-түрлі көрініске ие болады. Тұрғын үй құрылысына түрлі типтегі құрылыс заттары қолданылды: жартылай жабық аула (испан кварталы), таңбалы, блокталған және көпсекциялы құрылыс және vip-класты аз қабатты ғимараттың құрылысы. 

"БК Тесла Парк" көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы мен оны жобалау мақсатында жер учаскесі бөлінді және де Бас жоспардың талабы мен қаланы дамытудың міндеті бойынша Астананы жоспарлаудың Жоспарына сәйкес әскери қалашық салынады. Жаңа тұрғын үй кешенінің жалпы алаңы 61 га және ол Тельман ауданындағы тұрғын үйлердің арасына салынады және Ұлы Дала көшесінің жалғасына айналады. Құрылыстың салыну кезеңі 2018-2023 жылдарға жоспарланды. Оған салынатын инвестицияның көлемі шамамен 500 млн АҚШ долларын құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар