Астанада Kcell-дің негізгі станциясы өртенді

25 сәуір, 2018, 11:12 1766 Астана
Астанада Kcell-дің негізгі станциясы өртенді

Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан шыққан.

Астанада екі қабатты шағын маркеттің шатырындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан Kcell-дің негізгі станциясы өртенді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 сәуір күні сағат 21:57-де Алматы ауданы, Сейфуллина көшесі 48/11 мекенжайындағы "Данчик" деп аталатын екі қабатты шағын маркеттің ең жоғарғы бөлігінде орналасқан ұялы байланыстың негізгі станциясы (контейнер түріндегі) өртенді. Өрт сағат 22:26-да ауыздықталып, 22:30-да толықтай сөндірілді. Станцияның 6 кв. метр аумағы өртке оранды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Станция Kcell АҚ-ға тиесілі", - делінген баспасөз хабарламасында.

ТЖК-ның ақпаратынша, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен төрт техника бірлігі жұмылдырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар