Астанада кейбір азық-түлік түрлерін өндірудің көлемі артты

30 шілде, 2018, 18:36 2306 Астана
Астанада кейбір азық-түлік түрлерін өндірудің көлемі артты

Мысалы, шұжық және ет өнімдерін өндіру екі есеге артты.

Астанада азық-түліктің кейбір түрлерін өндірудің көлемі артты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Статистика департаментінің мәліметінше, Астанада өңдейтін өнеркәсіптен шығатын азық-түлік 7,5% алады.

"2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 17,4 млрд теңге көлемінде азық-түлік өндірілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 109,8%-ды құрады", - делінген ресми хабарламада. 

Сонымен, осы жылдың алғашқы айларында 1130 тонна ет өнімдері мен шұжық өндірілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. 

Бұдан басқа, есеп беру кезеңінде 72 мың тоннадан астам ұн, 8143 тонна нан, 12 552 тонна макарон өндірілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар