Астанада ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының форумы өтуде

20 желтоқсан, 2018, 12:10 2589
Астанада ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының форумы өтуде

Форум барысында отандық тауар өндірушілердің,  қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды.

Астана қаласында "Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының 5 бастамасы" тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер ассоциациясының форумы өтуде, деп хабарлады assembly.kz.

Форумның ашылу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы құрамына кіретін отандық тауар өндірушілердің,  қолөнершілердің, жастар стартапшылардың өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның пленарлық отырысының жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Владимир Божко, Юрий Тимощенко, Альберт Рау, сонымен қатар мемлекеттік орган басшылары, Қазақстан Республикасының шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, іскерлік-қауымдастық, жас стартапшылар, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері қатысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #форум #кәсіпкер

Читайте также

Похожие новости