Астанада ҚХА жаңартылған порталы ұсынылды - Жаңалықтар | BNews

Астанада ҚХА жаңартылған порталы ұсынылды

01 наурыз, 2018, 18:24 1728 Астана
Астанада ҚХА жаңартылған порталы ұсынылды

Интернет-ресурс елдің өзге де негізгі ресми ресурстарымен біріктіріліп, жетілдірілген.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мультимедиялық порталын Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиында таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ассамблеяның жаңартылған ресурсын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен "Қазконтент" АҚ-ның басқарма төрағасы Евгений Кочетов таныстырды.

"Әріптестер, алдымен сіздерді бүгінгі тамаша мерекемен құттықтаймын. Бұл біздің халықтар бірлігінің символын айшықтайтын күн. Мемлекет басшысы ҚХА порталын құруға тапсырма берген еді", - деді министр.

Өз кезегінде "Қазконтент" АҚ басшысы Евгений Кочетов, жетілдірілген ресурстың бірнеше мультимедиялық жаңашылдығы бар екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы бұл порталдың мультимедиялық құрылымына ерекше назар аударуды тапсырды. Осы бағытта біз көп жұмыс атқардық. Біріншіден біздің порталда онлайн-трансляция, конференция өткізу мүмкіндігі бар. Енді ҚХА мүшелері еліміздің әр түкпірінде бола тұра, бір-бірімен еш кедергісіз онлайн түрде байланыса алады", - деді Кочетов.

Таныстырылым барысындағы бейнеконференция кезінде қатысушылар Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының этномәдени орталықтары өкілдерімен байланысу мүмкіндігіне ие болды.  

"Біздің соңғы кездесу барысында этномәдени бірлестік мүшелері өздігінен сайт жүргізіп, контент қалыптастыру жұмысына атсалысуға үлкен ықылас білдірді. Осы орайда бізде арнайы "Қазақстан этностары" бөлімі құрылды. Мұнда барлық этномәдени бірлестік өкілдері өзіне қажет контентті толтыра алады", - деді Кочетов.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, интернет-ресурс www.assembly.kz сайтының негізінде құрылып, жаңа жетілдірілген платформаға ие болып, елдің негізгі ресми ресурстсарымен біріктірілген. Ол бұрынғысынша Ассамблеяның маңызды ресми ресурсы болып табылады.

Сондай-ақ порталда Бейбітшілік және келісім сарайы залдарына, аймақтардағы Достық үйлеріне және Қазақстанның қасиетті жерлеріне виртуалды 3D тур жасау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ портал үшін бірегей  онлайн радиотаралым толқыны іске қосылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар