Астанада қысқы ралли-спринт бойынша Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтті

21 қаңтар, 2019, 13:08 1523
Астанада қысқы ралли-спринт бойынша Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтті

Сайысқа елімізден 40-тан астам спортшы қатысты.

Елордада  қысқы ралли-спринттен "Самұрық-2019" Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтті. Оған еліміздің 8 аймағынан 40-тан астам спортшы қатысты, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шараны Астана қаласы әкімдігі мен ҚР Автомотоспорт федерациясының қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығымен Астана қаласының "Sport Racing Club" ЖҚБ ұйымдастырды.

Ралли-спринт – миниатюрадағы ралли. Классикалық раллимен салыстырғанда, жол секциясының маршруты мен жүру ережелері жеңілдетілген, бірақ спорттық бөлім өзгеріссіз қалады. Жүргізуші мен штурман белгілі бір ара-қашықтықтан өту бойынша жарысады. Ал қорытынды нәтижелер барлық арнайы учаскелерді өту бойынша есептеледі.

Қашықтықтың жалпы ұзындығы 50 шақырымнан асады, ол қар үйінділері мен 100% мұздан тұратын күрделі конфигурациялы 12 арнайы учаскені қамтиды.

"Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, автоәуесқойлар арасында автомобиль спортын танымал етуге және жастардың техникалық спорт түрлеріне бос уақытты өткізу формасы ретінде назарын аудартуға, автомобильді басқару дағдыларын жетілдіруге және оны түрлі жол жағдайында қауіпсіз пайдалануға бағытталған", - деді қысқы ралли-спринтін ұйымдастырушысы Денис Аксенов.

Оның айтуынша, қысқы ралли-спринт Қазақстанда 2007 жылдың желтоқсанынан бастап өтіп келеді. Кейінгі жылдары ол біздің республикамыздың барлық спортшылары үшін ең танымал да сүйікті жарыстардың біріне айналды. "Самұрық" ралли-спринт бойынша Кубок Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды және Теміртау қалаларында өткізілді.

2011 жылдан бастап ұйымдастырушылар "Sport Racing Club" ЖҚБ атынан ҚР Кубогында "Самұрық" ауыспалы кубогын іске қосты. Қысқы ралли-спринттен "Самұрық-2019" Қазақстан кубогының екінші кезеңі 25-26 қаңтарда Қарағандыда, үшінші кезеңі 8-9 ақпанда Павлодарда және қорытынды кезеңі 22-23 ақпанда Астанада өтеді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #спорт #сайыс

Читайте также

Похожие новости