Астанада қытайдың "Көктем мерекесі" фотокөрмесі ашылды

16 қаңтар, 2019, 11:09 1716 Астана
Астанада қытайдың

Көрерермен назарына 120 туынды ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қытай Халық Республикасының Қазақстан Респуликасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған "Көктем мерекесі" фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлады strategy2050.kz. 

"Ұлттық музей Қытай халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен еліміздің музей ісін дамыту саласы бойынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді. Міне, Жаңа, 2019 жылдың алғашқы апталарының бірінде тағы да жүздесіп тұрмыз. Бәріміздің басымызды қосуға себеп болған "Көктем мерекесі" фотокөрмесі табиғи үйлесімділік, адами жарасымдылық мерекесі, осы қасиеттер адамзаттың бақытты да бейбіт өмір сүруінің негізгі алғышарттарының бірі. Біз өзара ынтымақтастығымыз арқылы әлі де талай асуларды бағындыра аларымызға сенімдіміз", - деді  Қазақстан Республикасы ұлттық Музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин.

Көктем мерекесі қытай өркениеті мен табиғаттың арасындағы ажырамас нәзік байланыстарды ашып көрсетеді, сонымен бірге жылдың ең тамаша кезіне тап келетін жыл мезгілінің барлық ерекшеліктерін айшықтап көрсетеді.

"Сіздер куә болған фотокөрме Қытай күнтізбесіне сәйкес келетін Жаңа жылға, яғни Чунь Цзе көктем мерекесіне арналған. Чунь Цзе шежіресі төрт мың жылға иек артады, бұл барша қытайлықтардың сүйіп қарсылайтын мейрамы. Көрмеге ұсынылған фотосуреттер Чунь Цзе көктем мерекесін әлемнің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінінен хабар береді", - деді Қытай Халық Республикасының  Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо.

Бұл көрмеден әлемнің бес құрлығын мекендейтін адамдардың Көктем мерекесін қарсы алу кезіндегі шаттықты сәтін бейнелейтін 120 туынды орын алған. Көрме 2019 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар