Астанада "Көктем-2018" республикалық оқу-жаттығуы өтті - Жаңалықтар | BNews

Астанада "Көктем-2018" республикалық оқу-жаттығуы өтті

05 наурыз, 18:14 1455 Астана
Астанада

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларына жеке құрамның 96 адамы мен техниканың 29 бірлігі жұмылдырылды.

Елордада азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің басқарма органдары, күштері мен құралдары көктемгі су тасқындары кезінде төтенше жағдайды жоюға дайындығын пысықтады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Көктемгі су тасқындарына дайындық аясында бүгін Астана қаласының аумағында республикалық командалық-штабтық "Көктем-2018" оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығуларды өткізу барысында жедел әрекет ететін авариялық-құтқару жасақтарының, Астана қаласы АҚ қызметтерінің, ТЖД, ІІД бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық гвардиясының 5573 әскери бөлімінің дайындығы қаралды. 

"Авариялық-құтқару жасақтарының күшімен №29 орта мектептің ғимаратынан зардап шеккендерді шығару, зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пункттерін ұйымдастыру, құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасау, су тасқыны орын алған жерлерден суды сорып алу, қарды шығару, электрэнергетикалық желілердегі электр беретін құрылғылар желілерінің үзілуін жою шаралары пысықталды", - делінген таратылған хабарламада. 

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларына жеке құрамның 96 адамы мен техниканың 29 бірлігі жұмылдырылды.

Ұқсас жаңалықтар

`