Астанада көлік карталарын толтыратын қосымша 100 пункт ашылады

26 қазан, 2018, 09:59 2681 Астана
Астанада көлік карталарын толтыратын қосымша 100 пункт ашылады

"Astana LRT" компаниясы карталарды толтыру пунктілерін қала бойынша жайғастыру процесіне тұрғындарды қатысуға шақырды.

Астана қаласында көлік карталарын сол мезетте толтыратын қосымша 100 пункт ашылады. Бұл туралы "Astana LRT" компаниясы Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бізге RTVM автоматтарын көбірек орнату туралы өтініштер жиі келеді. Елордамызда карталарды толтыратын жаңа 100 пункт ашылмақ. Толтыру пунктілерін қала бойынша жайғастыру процесіне қатысуға шақырамыз. 
Жаңадан ашылатын нүктелерде картаны СОЛ МЕЗЕТТЕ толықтыруға мүмкіндік болады, яғни активацияны қажет етпейді", - деп хабарлады компания.

"Astana LRT" компаниясы карталарды толтыру пунктілерін қала бойынша жайғастыру процесіне тұрғындарды қатысуға шақырды.

"Жаңа агенттік нүктелердің желісін бірге құрастырайық!", - деп астаналықтарға ұсыныс жасады Astana LRT-да.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі хабарламасында компания Астананың қай дерлерінде көліктік карталарды толтыру нүктелері жетіспейтінін атап өтті.

"Толтыратын нүктелер Қараөткел (Ильинка), Лесная Поляна, Лесозавод, 7-емахана, Көктал тұрғын алабының тұрғындарына, Мастер-2, Қошқарбаев көшесіне, Иманов көшесінде, Экспоның айналасына жетіспейді. Солай ма? Тағы да елордамыздың қай аумақтарына қажет деп есептейсіз? Ой-пікіріңіз бен ұсынысыңызды осы жазбаның астына міндетті түрде қалдырыңыз. 
Көлік карталарын толтыру нүктелерінің орналасуы сіздер үшін барынша ыңғайлы болғанын қалаймыз. Барлық жолаушылардың ұсынысы ескерілетін болады", - деп түйіндеді "Astana LRT" компаниясында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар