Астанада көмір қоры 10 мың тоннаға артты

30 қазан, 2018, 12:37 1842 Астана
Астанада көмір қоры 10 мың тоннаға артты

Астанаға келіп түскен 693 тонна көмірдің 625 тоннасы – "Шұбаркөл" маркалы көмірі.

Астанаға 693 тонна көмір келіп түсті, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.

Қалада көмірдің жалпы қоры дүйсенбі күні – 10 255, 05 тоннаны құрады. Астанаға келіп түскен 693 тонна көмірдің 625 тоннасы – "Шұбаркөл" маркалы көмірі, "Майкөбе" маркасы – 68 тонна.

"Шұбаркөл" маркалы көмірінің бағасы астанада – 13 600 теңге, "Қаражыра" – 13 500 теңге, "Майкөбе"  – 12 500 теңге, "Богатырь комир" – 9 000 теңге, "Кузнецкийдің" тоннасы – 12 250 теңге.

Астанада көмір сатумен 8 компания айналысады. Осыған дейін хабарланғандай, астаналық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі нарықтағы көмір ахуалына күн сайын мониторинг жүргізеді және бақылауда ұстап отыр. "iKomek" Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында тұрғындарға арналған жедел желі құрылды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар