Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды

25 қазан, 2018, 11:42 1179 Астана
Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды

Үш күнге созылатын жарыс "Алау" мұз айдынында өтуде.

Ел чемпионатына 8 аймақтан 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бірінші күні спортшылар 500 және 1000 метрлік қысқа қашықтықта күш сынасты. Қыздар 3 мың, жігітттер 5 мың метр қашықтыққа шықты.

Жарыс елімізде конькимен жүгіру спортын дамытуға және спорттың қай түрімен болсын шұғылдану керектігін, ел тұрғындары арасында насихаттауға бағытталған. Осы турнирде кімнің негізгі құрамға алынып, ірі жарыстарға қатысатыны анықталады. Чемпионатта ұлттық құрамадан бөлек, жасөспірімдер командасына да іріктеу жүргізілмек. Үш күнге созылатын жарыс "Алау" мұз айдынында өтуде.  Жарыс 26 қазанға дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар