Астанада Конституция күніне арналған форум өтті

28 тамыз, 2018, 16:13 4438 Астана
Астанада Конституция күніне арналған форум өтті

Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Ресей, Түркия, Болгария, Латвия, Грузия және басқа да елдердің конституциялық бақылау органдарының, сот және құқық қорғау мекемелерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова "Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғамның жəне қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне күніне арналған форумды Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының және ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қатысуымен өткізді.

Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Ресей, Түркия, Болгария, Латвия, Грузия және басқа да елдердің конституциялық бақылау органдарының, сот және құқық қорғау мекемелерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың, Қазақстанның ғылыми қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі құқық саласының сарапшылары қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан мемлекеттілігі дамуының іргетасын қалағаны, адам құқықтары мен бостандықтарын бекемдегені атап өтілген. Халықаралық қоғамдастық мойындаған қазақстандық қоғам дамуының бірегей моделі қоғамдық келісім мен тұрақтылық, экономикалық даму және Қазақстан халқының ортақ тағдыры туралы конституциялық ережелердің қалтқысыз сақталуы арқасында мүмкін болды.

"Құқық үстемдігі, Конституцияның биік мәртебесі, заң билігі – Қазақстанның бүгінгі таңдағы табысты дамуының және оның заманауи әлемде лайықты орынға ие болуының аса маңызды мәселесі. Қазіргі Конституцияның әлеуеті Қазақстанның одан әрі дамуына және әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына кіруіне ұзақ жылдар қызмет ететініне кәміл сенемін", – делінген Қазақстан Президентінің құттықтауында.

Конференцияға қатысушылар сөйлеген сөздерінде Қазақстанның конституциялық құрылымындағы Мемлекет басшысының аса маңызды рөлін атап өтіп, "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Астананың қалыптасу және даму мәселелерін талқылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар