Астанада Қошқарбаев көшесінде уақытша жол қозғалысы жабылады

24 қазан, 2018, 10:17 2059 Астана
Астанада Қошқарбаев көшесінде уақытша жол қозғалысы жабылады

Рақымжан Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары  жүргізіледі. 

Рақымжан Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысы уақытша жабылады. 

Қаладағы Рақымжан Қошқарбаев және Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Осыған байланысты 24 қазан мен 2 қараша аралығында көлік құралдарының барлық түрі үшін жол толығымен жабылады, деп мәлімдейді Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген басқарма таратқан хабарламада. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар