Астанада криптовалютамен алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

04 желтоқсан, 2017, 16:10 1218 Астана
Астанада криптовалютамен алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Полицейлер криптовалютаға байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Полиция бөліміне екі қала тұрғыны хабарласып, қаражаттарын алаяқтық жолмен белгісіз біреу қолды қылғанын айтып арызданған.

Зардап шегушінің айтуынша, криптовалюта сатылатыны туралы бір сайттан оқып «сатушыға» хабарласқан, содан күдіктімен қаланың сауда орталықтарының бірінде кездесіп, 11 200 доллар қаржысын қолына ұстатқан. 

Жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталып, қазіргі кезде аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Астана қаласының ІІД-і қаржылай операциялар кезінде қырағы және мұқият болуды ескертеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар