Астанада құлақтандыру жүйелері тексеріледі - Жаңалықтар | BNews

Астанада құлақтандыру жүйелері тексеріледі

27 шілде, 18:05 3066 Астана
Астанада құлақтандыру жүйелері тексеріледі

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады. 

23-31 шілдеде Астана қаласы әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, теле-радио арналардың көмегімен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады. 

"Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол "Баршаңыздың назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Белгілі бір жағдайда жасалатын іс-әрекеттер туралы ақпараттар мен нұсқаулықтарды алу үшін бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат құралдарын қосуы керек", - делінген таратылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары