Астанада күз басталғалы 14 мыңнан аса ағаш отырғызылды - Жаңалықтар | BNews

Астанада күз басталғалы 14 мыңнан аса ағаш отырғызылды

Написать нам
26 қазан, 2018, 10:31 2573 Астана
Астанада күз басталғалы 14 мыңнан аса ағаш отырғызылды

Біржылдық өсімдіктер көпжылдық түрлеріне ауыстырылды.

Қыс қарсаңында "Астана – Зеленстрой" АҚ өсімдіктер мен ағаштарды қысқы маусымға дайындық барысын бастады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Күзгі экологиялық айлық кезеңінде астанада 14 мыңнан аса ағаш пен 9 мыңдай өсімдік, тал-бұта отырғызылды; біржылдық өсімдіктер көпжылдық түрлеріне ауыстырылды.

"Бір жылдық өсімдікті көпжылдық өсімдік пен түрлі тал-шіліктерді ауыстырар кезде Астананың климаттық зонасына сәйкес ассортимент таңдалды. Дұрыс күтім жасалса олар қысқы суық пен жазғы ыстыққа төтеп бере алады. Қазіргі таңда біз бұл өсімдіктерді тұрғын үйдің аудандарына, алаңдарға, жол айрықтарына отырғызып жатырмыз", - деді Астана қалалық ортаны регенерациялау басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Алпысбаев.

Сонымен бірге бір жылдық өсімдіктерді жинау және тал-бұталар мен ағаштарды қысқа дайындау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар