Астанада Мағжан Жұмабаев даңғылы 11 тамызға дейін ішінара жабылады - Жаңалықтар | BNews

Астанада Мағжан Жұмабаев даңғылы 11 тамызға дейін ішінара жабылады

31 шілде, 11:11 1712 Астана
Астанада Мағжан Жұмабаев даңғылы 11 тамызға дейін ішінара жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.  

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М. Жұмабаев даңғылын Б. Момышұлы даңғылынан бастап Қ. Мұнайтпасов көшесіне дейінгі учаскесін жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz  astana.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты, шілде айының 31-нен (12:00)  тамыз айының 11-не дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары