Астанада мәслихат депутаттарының сайлауы болмайды – ҚР ОСК - Жаңалықтар | BNews

Астанада мәслихат депутаттарының сайлауы болмайды – ҚР ОСК

31 қаңтар, 12:11 885
Астанада мәслихат депутаттарының сайлауы болмайды – ҚР ОСК

Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді.

"Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-ші және 113-ші баптарына сәйкес 2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайлау науқаны Қазақстан Республикасының 68 округында өтеді. Ақмола облысы бойынша 3 депутат, Ақтөбе – 4, Алматы - 6, Атырау - 6, Шығыс Қазақстан – 2, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан - 4, Қарағанды – 9, Қостанай – 13, Қызылорда – 4, Манғыстау – 1, Павлодар – 5, Солтүстік Қазақстан – 3, Оңтүстік Қазақстан облысы – 3, Алматы қаласы бойынша 2 депутат сайланады. Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді.

68 депутаттың 10-ы облыстық, 17-і қалалық және 41-і аудандық маслихаттарға сайланады.

Депутаттардың өкілеттіліктерінің мерзімнен тыс тоқтатылуына келесі себептер негіз болған: тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен басқа тұрақты орынға кетуі; басқа жұмысқа ауысуы, жеке өтініші, депутаттың өлімі және соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі.

2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну басталды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы ахуалға сәйкес, Алматы қаласының 2 сайлау округы бойынша 7 кандидат ұсынылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары