Астанада мектеп жәрмеңкесі әр демалыс күндері өткізіледі

10 тамыз, 2018, 09:48 2628 Астана
Астанада мектеп жәрмеңкесі әр демалыс күндері өткізіледі

Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер қатысады.

Қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда мамандандырылған мектеп формасы мен соған жататын бұйымдардың сатылымы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады.

Жәрмеңке жаңа оқу жылының қарсаңындағы "Мектепке жол" республикалық акциясының шеңберінде өткізіледі. 

Жәрмеңке 11-12, 18-19 және 25-26 тамыз күндері сағат 10:00 ден 18:00 дейін, Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар