Астанада менингит белгілері бар екінші бала жансақтау бөліміне жатқызылды

06 маусым, 2018, 11:16 3094 Астана
Астанада менингит белгілері бар екінші бала жансақтау бөліміне жатқызылды

Бала екінші тәулік жансақтау бөлімінде жатыр.

4.06.2018 күні балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген баланың (2 жас, 1 ай)  жағдайы туралы  қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде бала екі тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатыр, алдын-ала диагноз "Менингококк" инфекциясы, ауыр дәрежелі жайылған түрі (менингит).

"Қабылданған емнің нәтижесінде оңалу байқалады. Бала тілге келеді, тек белсенділігі төмендеу. Бактереологиялық зерттеулер жүргізілуде. Диагнозды растау үшін бактереологиялық материал Ұлттық сараптама орталығының референс-зертханасына жіберілді", - делінген таратылған ақпаратта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар