Астанада мереке күндері автобустар саны артады 

31 желтоқсан, 2018, 14:41 2678
Астанада мереке күндері автобустар саны артады 

Бағдарлардың жүру интервалы 13-тен 9 минутқа дейін қысқарады.

Мереке күндері елордадағы қоғамдық көліктің көп пайдаланылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ірі сауда нүктелері мен ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 13-тен астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Дәлірек айтқанда, автобустардың саны артады. Сондай-ақ, аталған бағдарлардың жүру интервалы 13-тен 9 минутқа дейін қысқарады", - делінген Astana LRT компаниясының хабарламасында.

Осылайша, № 2, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 33, 37, 39, 40, 51, 71 бағдарлар қысқартылған интервалмен қатынайтын болады. Тұрғындарға қосымша 48 автобус қызмет көрсетеді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #автобус #жолаушыларды тасымалдау

Читайте также

Похожие новости