Астанада мереке күндері автобустар жиі жүретін болады

13 желтоқсан, 2018, 17:29 2450 Астана
Астанада мереке күндері автобустар жиі жүретін болады

Бірқатар қоғамдық көліктің бағдарларында интервал 15-тен 10 минутқа дейін азаяды.

Астанада мейрам күндері қалалық қоғамдық көліктің көп қолданылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады, деп хабарлады "AstanaLRT" баспасөз қызметі.

"Өздеріңіз білетіндей, биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 20-дан астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Яғни, автобустардың саны көбейеді. Аталған бағдарларда интервал 15-тен 10 минутқа дейін азаяды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінде.

Осылайша, қысқартылған интервалмен келесі қалалық бағыттар қатынайтын болады: № 2, 3, 4, 7, 8, 10, 12, 17, 18, 19, 22, 24, 33, 37, 39, 40, 47, 48, 51, 70, 71.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар