Астанада Министрліктер үйі жанынан күдікті сөмке табылды - Жаңалықтар | BNews

Астанада Министрліктер үйі жанынан күдікті сөмке табылды

22 ақпан, 10:44 778 Астана
Астанада Министрліктер үйі жанынан күдікті сөмке табылды

Тексеру барысында сөмкеде жеке заттар мен құжаттар болғаны анықталды.

Иесіз қалған сөмке бүгін таңғы сағат 9:40-та Мәңгілік ел және Достық көшелерінің қиылысынан табылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Сол аралықта қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері қырағылық танытып, күдікті сөмкенің табылғаны туралы хабарлаған. Сөмке табылған орынға Астана қаласының ІІД мамандары бірден тексеру үшін келді.

Тексеру барысында сөмкеден күдікті немесе тыйым салынған ешқандай зат табылмады. Тексеру жұмыстары жүргізілген кезде тоқтатылған көлік қозғалысы сағат 10:05-те қайта қалпына келтірілді.

Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі сөмкеден жеке заттар мен құжаттар табылғанын хабарлады. Қазіргі кезде аталған сөмкенің иесін іздесту жұмыстары басталды. 

Тура осындай оқиға 19 ақпан күні Министрліктер үйі маңында орын алған еді. Күдікті сөмкелер жол маңындағы автотұрақ жанында жатқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары