Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар IT мамандықтарын тегін меңгереді

14 желтоқсан, 2018, 11:57 2751 Астана
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар IT мамандықтарын тегін меңгереді

Қазіргі таңда мектепке 50 адам жазылған.

Тыңдаушылар интернет-маркетинг, бағдарламалау және дизайн сияқты ІТ саласының үш бағыты бойынша білім алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында "Интернет-технология" инновациялық мектебінің негізін салушы Әмір Сүлейменов мүгедектерді IT саласының 3 бағыты бойынша тегін оқытатынын айтты. Оқу қашықтықтан жүргізіледі, сондықтан курсқа Қазақстанның кез келген өңірінің азаматы өтініш бере алады. Қазіргі таңда мектепке 50 адам жазылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды үш негізгі бағыт интернет-маркетинг, бағдарламалау және дизайн бойынша оқытылады. 

"Қазір сұранысқа ие мамандықтарға СММ-менеджмент, сайт жасау, интернет-магазин, андройд-қосымшалар әзірлеу, веб-дизайн жатады. Кезінде мен де халықаралық олимпиадаға барар жолда көлік апатына ұшырап қалдым. Арбаға таңылған соң, мен қиындықтарға соқтықтым. Біздің білім беретін орындарда лифтілер, пандустар жоқ.  Менің алдымда осылай жатып қалу, не тіршілік жасау таңдауы тұрды. Мен программист мамандығын таңдадым. Себебі ол әлемнің кез келген нүктесінен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - дейді Әмір Сүлейменов.

Бүгін "Интернет-технология" мектебінен Астана, Қарағанды, Петропавл қаларынан мүмкіндігі шектеулі 40 жуық адам оқудан өткен. Әмір Сүлейменов адамдарды оқытуды оңалту орталықтарынан бастаған, онда білімі жоғары, тәжірибесі бар адамдар тек зейнетақымен жүргенін көрген. Қазіргі күнде курстан өткен көптеген адам өз ісін бастаған немесе ірі корпорацияларда жұмыс істейді.

"Курстан өткендердің 80 % жұмысқа тұрды. Біз оларды СММ менеджментке оқыттық: әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияны қалай табуға және инстаграмда тауарды және қызмет көрсетуді қалай көрсету керектігін үйреттік", - дейді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар