Астанада мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық ойындар басталды

17 шілде, 2018, 16:02 1775 Астана
Астанада мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық ойындар басталды

Спорттық сайысқа 100-ден астам адам қатысады. 

"Қазақстан студенттер альянсы" мүгедектердің жастар қоғамымен бірлесе Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттың 9 түрінен спорт ойындарын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Спорт дисциплинасының ішіне  шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тартыс, пауэрлифтинг және т.б спорт түрлері кіреді.

Жарыс Астананың 20 жылдығына арналады, ал мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және оларға қолайлы орта жасау. Спорттық сайысқа 100-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Әрбір қатысушы бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар