Астанада "Notre Dame de Paris" мюзиклінің қазақ тіліндегі премьерасы өтті

19 желтоқсан, 2018, 12:05 1882
Астанада

Келешекте әлемдік мюзиклді Қазақстанның барлық қалаларында қою жоспарланған.

Елордада Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдік "Notre Dame de Paris" мюзиклінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті, деп хабарлады Қазақпарат.  Мюзиклді Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен "Qazaqconcert" мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келешекте әлемдік мюзиклді Қазақстанның барлық қалаларында қою жоспарланған. Шынайы ғашықтық пен сатқындық хикаясы, сенiм мен ғажайыпқа толы қойылым кɵрермендер ықыласына бөленді. 

Премьера алдында "Notre dame de Paris" мюзиклінің авторы, белгілі итальяндық-француздық композитор Риккардо Коччанте, "Қазақконцерт" МКҰ директоры Жеңіс Сейдуллаұлы, қоюшы режиссер Роберт Мариен, мюзикл продюсері Николя Талар, қазақ тіліндегі либреттоның авторы, белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Әлемдік мюзиклдің қазақ тіліне қалай аударылғаны туралы белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы кеңірек айтып берді. Ақынның айтуынша, "Notre Dame de Paris" мюзиклі тек бізде ғана емес, дүние жүзінің бірнеше тілдеріне аударылған.  

"Ең бірінші Брюссельде, кейін Женевада, одан соң Лондон секілді әлемнің үлкен қалаларында қойылған. Кейін Канада, Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай секілді үлкен мемлекеттерде де сахналанған. Мюзиклдің продюсерлері бір мәтін болуы турасында бізге талап қойды. Біз өз еркімізбен аудара алмадық, яғни поэзиямызды еркін қоса алмадық. Мәтін қандай болса, дәл мағынасын беретін сөздер арқылы қиюластырып аудардық", - дейді ақын.

Мюзикл мәтіні жеңіл әлі түсінікті жазылған.  

"Аударма барысын мюзиклдің авторы Риккардо Коччантенің өзі қадағалап отырды. Себебі, олар қазақша білмесе де, аудармашыларымен тығыз жұмыс жүргізді. Өте үлкен еңбек етілді. Бес-алты айдың ішінде осындай жұмыс жасалды", - дейді Серікзат Дүйсенғазы.

Алғаш рет Париж қаласында 20 жыл бұрын қойылған мюзикл бұған дейін әлемнің 9 тіліне аударылғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Ақын #жұмыс

Читайте также

Похожие новости