Астанада Нұра-Есіл арнасында кілем жуған анасы мен екі қызы суға кетті - Жаңалықтар | BNews

Астанада Нұра-Есіл арнасында кілем жуған анасы мен екі қызы суға кетті

16 шілде, 14:29 2118 Ақмола облысы
Астанада Нұра-Есіл арнасында кілем жуған анасы мен екі қызы суға кетті

Олар 1975 жылы туған әйел және оның 11, 12 жастағы қыздары.

43 жастағы астаналық тұрғын мен оның екі қызы Нұра-Есіл арнасында кілем жуып отырып, суға батып кетті, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпаратты растады.

"Қайғылы жағдай 14 маусымда болған. Құтқару қызметіне сағат 15:38-де хабар келіп түскен. Сағат 16:20-да суға батқандардың денелері судан шығарылды. "Пригородный" тұрғын алабындағы Нұра-Есіл арнасында кілем жуып отырған үш адам байқаусызда суға құлап кеткен. Олар: 1975 жылы туған әйел және оның 11, 12 жастағы қыздары", - делінген хабарламада.

Бұған дейін де осы арнада қайғылы жағдайлар болған. Биыл 25 маусымда осы жерге батып кеткен 10-12 жас аралығындағы 4 баланың денесі табылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары