Астанада оқушылар арасында өткен STEM олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды

22 қазан, 2018, 17:27 1581 Астана
Астанада оқушылар арасында өткен STEM олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды

126 өтініштің ішінен 25 команда іріктеп алынды.

№ 66 мектепте STEM олимпиадасы өтті,  деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  STEM олимпиада – астананың дарынды зияткер оқушыларының зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған шара. Ол "Astana Innovations" АҚ бастамасымен және Астана қаласының әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. 

"Бірінші кезекте әрине STEM бағытын танымал ету және Қазақстандағы өзекті ғылымды дамыту: инженерия, математика, бағдарламалау, 3D модель жасау. Осыған байланысты Қазақстанда және әлемде 4-ші өнеркәсіптік революцияны бақылап отырмыз, ол мамандықтар қазір де болашақта да өзекті болмақ", - дейді "Astana Innovations" бас менеджері Данияр Құрманбаев.

STEM олимпиадасы Астанада екінші рет өтіп жатыр. Өткен жылғы олимпиадаға барлық тілек білдірушілер қатысқан. Ал биылғы конкурсқа қатысу үшін командаларды іріктеу тапсырмасы болды. Голдберг көлігімен видео жасап түсірулері керек. Онда қарапайым әдісті күрделі әрекетпен орындауы қажет. 126 өтініштің ішінен 25 команда ең қызықты, ойластырылған, креативті жұмыстарды өткізді.

"Бұл ең белсенді, ең шығармашыл адамдардың осында келіп, өздерінің қызықты жобасын көрсету үшін жасалды", - деп бөлісті Данияр Құрманбаев.

Іріктеу сынынан сәтті өткен астаналық мектептің командалары физика, бағдарламалау, робототехникадан өздерінің күшін тәжірибе барысында сынады. Жас зерттеушілер көпір, мұнара, екі метр биіктіктен жұмыртқаны қауіпсіз жерге қондыратын конструкция жасады. Оны өздерінің бағдарламасы арқылы жасап шыққан роботтары арқылы көрсетіп шықты.

"Біз қолғап ойлап таптық, оны жұмыртқа сынып қалмас үшін құбырға саламыз, бұл сондай қорғаныш түрі. Олар көпір салады, біз парашют жасаймыз. Парашюттің ішінде қолғап, қолғаптың ішінде жұмыртқа сынбауы тиіс. Ол екі метр биіктікте ұшуы тиіс. Парашют ол қара қағаз, біз жіппен байлап қойған жұмыртқа жерге жайлап қонуы тиіс", - дейді № 73 физика-техникалық лицейдің 5 сынып оқушысы "Мехатроник" командасының мүшесі Әмір Әбдіманапов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар