Астанада он мыңға жуық адам цифрлық сауатын арттырды

31 шілде, 2018, 09:44 1764 Астана
Астанада он мыңға жуық адам цифрлық сауатын арттырды

Жобаға 19 алаң мен 30-ға жуық оқытушы тартылды.

Бүгінде курстан 9 мыңнан астам тыңдаушы өтті. Ақпараттық сауаттылықтан кез келген адам өте алады, жасына шектеу жоқ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Мен ЭЦҚ не екенін және үйде отырып коммуналдық қызметті қалай төлеу керектігін, түрлі анықтаманы көріп, қалай шығарып алуды білмейтінмін. Енді осының бәрін үйден шықпай-ақ істей аламын, басқаларға да осы курстан өтуге кеңес беремін, өте пайдалы", ­- деді зейнеткер Нағима Оразбекова. 

Дәріс жаңадан үйренушілерге де, желіні үздік пайдаланушыларға да өте пайдалы. Оқу бағдарламасы төрт бағытта өткізіледі: базалық цифрлық машық, электронды мемлекеттік қызмет көрсету, ашық үкімет, электронды сауда. Тыңдаушылардың ақпараттық білімін арттыруда компьютер мен мобильді құрылғылар пайдаланылады. 

"Негізінен бізге көбіне зейнеткерлер келеді, олардың білуге деген ынтасы зор, көздері жанып тұр. Оларға әлеуметтік желі де қызықты. Курс басталғалы бізге 400-дей адам келді", - дейді № 76 мектеп-лицейдің информатика оқытушысы Ғалия Құлшиманова.

Тыңдаушылар оқудан бір күнде өте алады және сертификат беріледі. Ақпараттық сауаттылықты қаладағы оқу орындарында (мектеп пен колледж), халықты жұмыспен қамту орталығында, әлеуметтік қызмет көрсету орталығында және т.б өтуге болады. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Қазақстанның барлық аймақтарында цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында тегін курстар жұмысын бастап кеткен болатын. Әрбір курсқа қатысушы өзінің цифрлық біліктілігін бір немесе төрт сандық ептілікте біліктілігін тегін арттыра алады. Атап айтсақ:

  1.  "Базалық цифрлы біліктілік" бойынша персоналды компьютерді және ноутбукті, мобильдік құрылғыларды, Интернет желісін, сондай-ақ, деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын жетік біле алады;
  2.  "Электрондық үкімет пен электрондық мемлекеттік қызметтер" бойынша адамдар үйден шықпай қажетті мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу  біліктілігін арттырады;
  3. "Ашық үкімет" бойыншы біліктіліктің төрт түрлі компонентін қолдануға болады. Олар: ашық деректер, ашық нормативті-құқықтық актілер, ашық диалог пен бюджеттер;
  4. "Электрондық сауда" блогында онлайн сатып алу, сату, тауарларды көтермелеу тәрізді біліктіліктерді жүзеге асырады;

Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумында әлемнің жаһандық тренді цифрландыру барлық аспектілердің қызметі екендігін атап өткен болатын. Президент халықтың цифрлық сауаттылығы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының арқасында  85%-ға артатындығын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: