Астанада өрт сөндіру қызметінің үздік жүргізушісі анықталды

15 қазан, 2018, 10:02 1724 Астана
Астанада өрт сөндіру қызметінің үздік жүргізушісі анықталды

Өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері кендірден өту, эстафета, алға және артқа қарай "жыланша" жолымен жүру, бокске кіру, тұраққа тұру, ашық су көзінен  суды тарту сияқты әдіс-тәсілдерді орындауы тиіс еді.

Астаналық гарнизондағы Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері арасында "2018 жылдың үздік жүргізушісі" байқауы өткізілді. Төрағалық құрамның мүшелері техникалық қызмет бойынша тәжірибелі қызметкерлер санынан байқау-конкурсты өткізу туралы бұйрыққа сәйкес іріктеліп алынды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – команда ішінде, қарауылдардағы үздік жүргізушіні анықтау мақсатында өткізілді. Екінші кезең – "Кросс" автодромда өрт сөндіру көлігін жүргізудің тәжірибелігі көрсетілді. Өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері ізден, шеберден өту, кендірден өту, эстафета, алға және артқа қарай "жыланша" жолымен жүру, бокске кіру, тұраққа тұру, ашық су көзінен  суды тарту және жұмыс бағыты бойынша жеңнен суды беру кезінен мәреге жету сияқты тапсырмаларды орындауы тиіс еді.

Осы жылғы сайыстың ерекшелігі екі жаңа эстафета түрін енгізу – бұл "мерген" және "тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықты өртті өшіру" болды.  Сайыс ЗИЛ автокөліктері шассиіндегі өрт сөндіру автоцистерналарында өткізілді.

"2018 жылғы үздік жүргізуші" атағына ие болған 3-МӨСБ жүргізуші Е. Сауран ие болды. Оның жалпы уақыты 9 минут 37 секундты құрады. Екінші орынды алған 16-МӨСБ жүргізуші Ж. Садыбеков, жалпы уақыты 9 минут 56 секунд. Ал үшінші орынды алған 5-МӨСБ жүргізушісі Ә. Төлепбергенұлы, оның жалпы уақыты 10 минут 50 секундты құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар