Астанада өртенген коттеджден әйел мен баланың денесі табылды - Жаңалықтар | BNews

Астанада өртенген коттеджден әйел мен баланың денесі табылды

13 наурыз, 2018, 15:27 1613 Астана
Астанада өртенген коттеджден әйел мен баланың денесі табылды

Сондай-ақ, өрттен бір қыз зардап шекті.

Астана қаласы ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі бөлімшесі оқиға орнына келген сәтте үш қабатты коттедж ғимараты өртеніп жатқанын анықтады, оның 2 және 3 қабаты толық өртке оранған, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коттедждің бірінші қабаты техникалық қызмет көрсету орны, екінші қабаты қосалқы үй-жай, үшіншісі тұрғын үй қабаты болған. Кейіннен қызыл жалын шатыр арқылы көрші ғимаратқа жайылған. Екі ғимаратты шарпыған өрт 300 м2-ты құраған. Сондай-ақ, өрт кезінде техникалық тексеру орталығының ішінде тұрған Nissan Patrol көлігі де жанып кеткен.

Өрт сағат 12:29-да ауыздықталып, 12:47-де толығымен сөндірілді. Қызыл жалынмен күреске барлығы жеке құрамның 31 адамы мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.

1994 жылғы бір қыз бала зардап шегіп,  №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның аяғы сынған. Өрттен кейінгі зардаптарды тексеру кезінде әйел мен баланың денесі табылған. Өрттің себептері анықталуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар