Астанада осы аптада қайда баруға болады

07 қаңтар, 2019, 11:41 1946
Астанада осы аптада қайда баруға болады

7-13 қаңтар аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін шаралар тізімі белгілі болды.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 7-13 қаңтар аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін шаралардың жоспарын ұсынады, деп хабарлайды BNews.kz

Тәуелсіздік сарайы

31 қаңтарға дейін  (сағат 10:00 – 18:00) – "Антиквариат" атты көрме.

Қуыршақтар театры

7-9 қаңтарда сағат 12:00, 14:00-де – "Жаңа жыл түніндегі жезтырнақтың әлегі" шырша маңындағы мерекелік ойын және Аяз атаның жаңажылдық ертегісі; 

12-13 қаңтарда сағат 12:00, 14:00, 16:00-де – "Көжек қалай қоян болды" ертегісі.

Қалалық алаң, "Хан Шатыр" ОСО аумағы, Ботаникалық бақ 

7 қаңтар мен 17 ақпан аралығы (сағат 13:00 – 20:00) – "Astana Winter Land" фестивалі аясындағы қысқы шаралар циклі.

Астаналық цирк

7 қаңтарда сағат 16:00-де – "Бақыт құсы" жаңажылдық цирк бағдарламасы.

"Астана Опера" МОБТ (камералық зал)            

7 қаңтарда сағат 17:00-де – "Астана Операдағы музықалық демалыс" концерті; 

9 қаңтарда сағат 19:00-де – "Богема"операсы;

13 қаңтарда сағат 17:00-де – "Экран әуендері" концерті.

"Барыс-Арена" КМС

8 қаңтарда сағат 19:30-да – "Барыс" ХК – "Амур" ХК арасындағы хоккей матчы;

10 қаңтарда сағат 19:30-де – "Барыс" ХК – "Куньлунь Ред Стар" ХК арасындағы хоккей матчы;

13 қаңтарда сағат 17:00-де – "Барыс" ХК – "Сочи" ХК хоккей матчы.

Бейбітшілік және Келісім Сарайы

9 қаңтарда сағат 19:00-де – "Тәтті шәй" жобасының концерті; 

12 қаңтарда сағат 19:00-де – "Өнерім - өмірім" Н.Абишеваның жеке концерті.       

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

10 қаңтарда сағат 18:30-де – "Тіл табысқандар" комедиясы!; 

13 қаңтарда сағат 18:30-де – "Қардағы көгершіннің ізі" драмасы.

"Алатау" СК

11, 12 қаңтарда сағат 10:00-де – Дзюдодан қыздар арасындағы Астана қаласының чемпионаты.

Шаңғы роллерлі тас жолы

12, 13 қаңтар сағат 10:00-де – тіркеу, сағат 11:00-де – шаңғы тебуден Астана қаласының Чемпионаты 1 тур.     

"Ақбұлақ" өзені

13 қаңтарда сағат 14:00-де – Пимамен хоккей спорты бойынша турнир.

"Астана" концерт залы

13 қаңтарда сағат 17:00-де – Клара Төленбаеваның "Сырнаймен егіз сырлы әнім" атты жеке концерті.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Астана әкімдігі #мәдениет және спорт

Читайте также

Похожие новости