Астанада осы аптада қайда баруға болады 

10 Декабря, 2018, 16:46 2522
Астанада осы аптада қайда баруға болады  |  | BNews.kz

Іс-шаралар тізімін 16 желтоқсан күні сағат 22:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу аяқтайды. 

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 10-16 желтоқсан аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін шаралар жоспарын ұсынады, деп хабарлайды BNews.kz.

Тәуелсіздік сарайы

3-31 желтоқсан сағат 10:00-18:00 – "Ақанаевтар әулеті" жеке көркем көрмесі, "Әуедегі қозғалыс" қазіргі заман өнер көрмесі; 

3-20 желтоқсан сағат 10:00-18:00 - №52 орта мектеп ұстазы Ж. Қайраттың "Түс әлемі" жеке көрмесі;

3-29 желтоқсан сағат 10:00-18:00 – Рүстем Беркімбаевтың "Үміт жолы" жеке көркем сурет көрмесі;

10-31 желтоқсан сағат 10:00-18:00 – "Еркіндіктің дастаны - Астана" суреткөрмесі, "Хроники Независимого Казахстана" суреткөрмесі.

"Астана" концерт залы

10 желтоқсан сағат 17:00-де – Елорданы көшіру күніне арналған "Елорда жұлдызы" концерті;   

11 желтоқсан сағаьт 19:00-де – Ақын Ақан Серінің 175 жылдығына арналған "Думанды ел" концерті;     

12 желтоқсан сағат 19:30-да – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Азия дауысы" концерті;      

13 желтоқсан сағат 19:00-де – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік тұғырым" концерті;

16 желтоқсан сағат 19:00-де – "Шаншар" әзіл концерті.

"Жастар" сарайы

10 желтоқсан сағат 19:00-де – "Рауан" хореографиялық ансамблінің есеп беру концерті;

11 желтоқсан сағат 17:00-де – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Мәңгілік ел" концерті.

"Nomad City hall" концерт залы

10, 25 желтоқсан сағат 19:00-де – М. Фрейн "Театр 180°", комедия (тұсаукесер) (Астана қаласының комедия театры); 

14-15 желтоқсан сағат 19:00-де – "Алтын Батыр" степ тобының "В ритме столичных огней" атты концерті Жастар театры;

11 желтоқсан сағат 11:00-де – Ж. Омаров "Құлыншақ пен Бөлтірік" ғажайып-ертегі (тұсаукесер); 

13 желтоқсан сағат 19:00-де – Ш. Айтматов "Ғасырдан да ұзақ..." триптих (тұсаукесер). 

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

12-13 желтоқсан сағат 18:30-де – Р. Куни "Әзәзіл ақша" комедия (тұсаукесер).

"Астана Опера" МОБТ

12 желтоқсан сағат 19:00-де – (камералық зал) "Поэзия звуков и музыка слов" концерті;

16-17 желтоқсан сағат 12:00-де – "Самрұқ келген таң" концерті;

16 желтоқсан сағат 17:00-де – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Gala opera" концерті.  

"Қазақстан" ОКЗ

14 желтоқсан сағат 19:00-де – "Жайдарман" жоғарғы лига;

16-17 желтоқсан сағат 15:00-де – "Алтын домбыра" VII Республиканскалық ақындар айтысы.        

Шаңғыроллерлі тас жолы

15 желтоқсан сағат 10:00-де – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Алғашқы қар" шаңғы маусымының ашылуы.

Қалалық алаң

16 желтоқсан сағат 19:00-де – Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт.     

Есіл өзенінің жағалауы

16 желтоқсан күні сағат 22:00-де – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13925

Похожие новости