Астанада өтетін жәрмеңкеге 730 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі әкелінеді

23 қазан, 2018, 14:41 1666 Астана
Астанада өтетін жәрмеңкеге 730 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі әкелінеді

Ақмола облысынан әкелінетін өнімдердің ішінде 50 тонна ұн, 15 мың литр өсімдік майы мен 300 тонна картоп бар.

27-28 қазанда Астанадағы "Қазақстан" спорт кешенінің алаңында Ақмола облысы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Ақмола облысының 2 қаласынан және 17 ауданынан 100-ден астам ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындары бас қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынбақ.

Жәрмеңкеге Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілері 373,5 млн теңге сомаға 730,5 тоннаны құрайтын түрлі өнім түрлерін әкеледі, барлық тауарлар қала базарларындағы бағалардан 15-20%-ға төмен болмақ, соның ішінде: ет және шұжық өнімдері – 174 тонна, балғын балық және балық өнімдері – 10,2 тонна. жұмыртқа – 2,5 млн дана, сүт және сүт өнімдері – 34,3 тонна, ұн – 50 тонна, өсімдік майы – 15 мың литр, картоп – 300 тонна; басқа өнімдер – 9,5 тонна.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар