Астанада өтетін жәрмеңкеге БҚО-дан он тонна консерві әкелінеді

Написать нам
15 тамыз, 2018, 17:56 3753 Астана
Астанада өтетін жәрмеңкеге БҚО-дан он тонна консерві әкелінеді

Жәрмеңке "Қазақстан" спорт кешенінің көлік қоятын орнында өтеді.

Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында 18-19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді. Аграрлық жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жәрмеңке Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 7 мекенжайында орналасқан "Қазақстан" спорт кешенінің көлік қоятын орнында өтетіні анықталды. 

Бар-жоғы облыстың 37 тауар өндірушісі қатысады, 79 млн теңге сомасында 120 тонна ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылады.

Бұл ең алдымен еттің барлық түрі, ең ірі республикалық "Кублей" қайта өңдейтін кәсіпорнының 10 тонна консерві бұйымдары, кондитерлік өнімдер, сусындар және тағы басқалары. 

Дәстүр бойынша жәрмеңкеде облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар