Астанада өтетін жәрмеңкеге СҚО шаруалары 700 тоннадан астам өнім әкеледі

19 қазан, 2018, 12:22 2667 Астана
Астанада өтетін жәрмеңкеге СҚО шаруалары 700 тоннадан астам өнім әкеледі

Астана базарларындағы бағадан 15-20%-ға арзан өнімдерді тұрғындар 20-21 қазанда сатып ала алады.

20-21 қазанда Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке "Қазақстан" спорт кешенінің автотұрақ аймағында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш шараға Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарынан 115 кәсіпорын қатысады. Онда 100-ден астам өнімдер жиынтығы саудаға шығарылады.

"Екі күн өтетін жәрмеңкеге 725 тонна көлемінде азық-түлік тауар түрлері келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортименті - сиыр, жылқы, қой, құс және шошқа еттері, шұжық өнімдері, қалбырдағы ет. Сондай-ақ, кондитер, макарон өнімдері, жарма, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, картоп және көкөніс", - делінген хабарламада.

Жәрмеңке таңғы сағат 9:00-ден күндізгі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Әкелінген өнімдердің бағасы Астана базарларындағы бағадан 15-20%-ға арзан болады. Жәрмеңкеге келушілерге Солтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар