Астанада өткен жылы 2,36 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді - Жаңалықтар | BNews

Астанада өткен жылы 2,36 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

28 ақпан, 12:17 1289
Астанада өткен жылы 2,36 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев халық алдында есеп беру кезінде айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Былтыр Астанада бір жыл ішінде пайдалануға берілген үйлердің саны ең жоғары көрсеткішке жетті немесе 2,36 млн шаршы метр баспана, оның ішінде мемлекеттің қаржы көзі есебінен Астана қаласының әкімдігі 7 тұрғын үй кешенін тұрғызды. Осылайша 1062 отбасыны пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, әкімнің айтуынша, қолжетімді несиемен және жалдамалы баспананың құрылысы бірінші нарықтағы үйлердің бағасын төмендетуге алып келген. Мемлекеттік баспананың бағасы бүгінде шаршы метрі 180 мың теңгенің айналасынан аспай тұр.

"Нарықтағы бәсекелестікті сақтау үшін астаналық мердігерлер жыл сайын бағаны төмендетуіне тура келеді. Соңғы үш жылда астана нарығындағы бірінші сатылымдағы үйлердің бағасы орта есеппен шаршы метрі 355,5-тен 324,1 мың теңгеге дейін төмендеді. Оған қоса, нарықта шаршы метрі 260-280 мың теңге тұратын ұсыныстар да бар", - деді әкім. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары