Астанада өзбекстандық шеберлер көрмеде қолөнер бұйымдарын көрсетті - Жаңалықтар | BNews

Астанада өзбекстандық шеберлер көрмеде қолөнер бұйымдарын көрсетті

16 наурыз, 19:31 3832 Астана
Астанада өзбекстандық шеберлер көрмеде қолөнер бұйымдарын көрсетті

Көрмеде өзбек суретшілерінің бірегей суреттері, ұлттық стильдегі ыдыс-аяқтар, ұсақ пластика, діни бұйымдар және тағы басқа да заттар көрсетілді.

Қазақстанда Өзбекстан жылының ашылуы аясында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан  Республикасының белгілі өнер шеберлерінің көрмесіне барды, деп хабарлайды BNews.kz.

Астанада Қазақстандағы Өзбекстан жылы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев қатысты. Басшылар оқиғаның маңыздылығын, қос ел арасындағы достық қарым-қатынас пен нәтижелі ынтымақтастықты атап өтті.

Іс-шара аясында "Астана Опера" театрының холы өзбек шығармашылығының керемет жұмыстарымен толтырылды. Онда екі елдің басшылары қатысқан Өзбекстанның шеберлерінің нағыз көрмесі болды.

Көрмеге шеберлердің ерекше бұйымдарын естелік үшін алуға көптеген өнер сүйер қауым жиналды. 

Өзбек шеберлері қазақстандықтарға өздерінің ең жақсы бұйымдары арқылы ұлттық-қолданбалы өнерін паш етті.

Кейбір бұйымдардың сынғыштығына қарамастан, Қазақстанға заттардың барлығы Өзбекстанның әртүрлі қаласынан жеткізілді.

Еске салсақ, кеше Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевпен бірге Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысты. Елбасы бұл іс-шара Қазақстан-Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршіліктің символы ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің серіктестігін нығайтуға және мәдени-өркениеттік тұрғыдан жақындасуына зор үлес қосатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

`