Астанада пәтерінде жылу жоқ ана балаларын жетімдер үйіне өткізді - Жаңалықтар | BNews

Астанада пәтерінде жылу жоқ ана балаларын жетімдер үйіне өткізді

01 ақпан, 11:44 1859 Астана
Астанада пәтерінде жылу жоқ ана балаларын жетімдер үйіне өткізді

Отбасы пәтерді алған кезде-ақ жылу жүйесі жүргізілмеген. 

Астана қаласында құрылыс салушылардың бірі Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйдегі мансарданы пәтерге айналдырған. Сол пәтерлердің бірінде әйел адам балаларымен бірге тұрып жатқан. Бірақ бұл отбасы тұрып жатқан үйде жылу жоқ. Үйдің іші қатты суық болғандықтан, астаналық әйел балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды BNews.kz Елорда Ақпаратқа сілтеме жасап.

Тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысында аталған комиссия өкілі Татьяна Чурсина пәтер өте суық болғандықтан, әйел балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болғанын айтты.

"Ол жерде үйлердің іші қатты суық. Жаңадан салынып жатқан 19 пәтерде жылу жоқ. Қатты аязға шыдамай, бір әйел балаларын жетімдер үйіне өткізуге мәжбүр болды. Үйдің ішінде еркін жүріп-тұру мүмкін емес еді. Жағдай міне осындай", - деді Татьяна Чурсина.

Әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, бір жыл бұрын Иманов және Брусиловский көшелерінде құрылыс салушылар әкімдіктің кезекті отырысына келіп, аталған аймақтағы техникалық ғимараттарды пәтерге айналдырғылары келетінін айтқан.

"Осы жерге салушы мен мердігерді шақырдық. Мердігер өзінің қателікке бой алдырғанын түсініп, ешқандай пәтер сатпаған. Объектіні толықтай тұрғызған соң ешқандай қателік жібермейді. Осының барлығы туралы жазылған ресми протокол да бар. Алайда, аталған объектіні салушылар қайта өзгерткен. Қазір осы мәселе құқықбұзушылық болып есептеліп отыр", - деді Сергей Хорошун.

Салушының қателігіне бола тұрғындар пәтерлерді өз аттарына рәсімдей алмай отыр. Әкімнің орынбасары осы мәселеге қатысты комиссия құрып, оны жан-жақты талқылауды ұсынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары