Астанада республикалық "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан" байқауы өтуде

11 желтоқсан, 2018, 18:19 2223 Астана
Астанада республикалық

Оған 600-ге жуық еліміздің өнерлі, әрі дарынды балалары қатысуда.  

Астанада республикалық "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан" байқауы декоративті-қолданбалы өнер және балалар бейнелеу өнері арасында өтуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.

"Шараның негізгі мақсаты республикалық ауқымдағы шығармашылық байқауға қатысу арқылы оқушылардың бойындағы Отанға деген махаббатты, адамгершілікке, руханиятқа, патриотизмге, ұлттық мәдениетке деген құрметті тәрбиелеу, сонымен қатар талантты және дарынды балаларды анықтау, олардың өнерін дамытуға мүмкіндік беру", - делінген Оқушылар сарайы таратқан хабарламада.

Шығармашылық жарысты астаналық Білім басқармасы мен Оқушылар сарайы ұйымдастыруда. Жеңімпаздар кубокпен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар