Астанада "Рухани жаңғыру — Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" бағдарлама жобасы талқыланды

14 сәуір, 2018, 19:40 4223 Астана
Астанада

Астанада "Рухани жаңғыру — Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" бағдарламасы жобасының таныстырылымында Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел аясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асырылу барысының түрлі қырлары, Президенттің "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының таныстырылымында берген тапсырмаларына қатысты мәселелер қозғалды, деп хабарлады Премьер-министрдің ресми сайты.

Шараға оқулықтарды қазақ тіліне аударған авторлар, Еуразиялық интеграция институтының сарапшылары, оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор Қайрат Сақ өзінің кіріспе сөзінде, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы жоғары рөлін атап өтті. Ол Факультеттің қазақ тілін латын қарпіне көшіруге жағдай жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларына ерекше назар аударды және жастарға арналған ғылыми жобалау мүмкіндіктері туралы айтты.

ЕИИ атынан директордың орынбасары Наталья Калашникова сөз сөйледі. Оның айтуынша Институт жүргізген әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қазақстандық қоғамда мемлекет жүргізетін жаңғырту процестерін қолдау жоғары деңгейде. Спикер студент жастардың ұлттық сананы жаңғыртудағы үлесі, "100 жаңа оқулық" жобасының өскелең ұрпаққа білім беру ісіндегі ерекше рөлі туралы айтты. Сондай-ақ, Президенттің білім беру мен ғылым салаларындағы "жалпыұлттық оқыту бесжылдығын жүзеге асыруға" мүмкіндік беретін стратегияға көзқарасы ерекше атап өтілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Мемлекет басшысына таныстырылған "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында шығарылған оқулықтармен толық танысуға мүмкіндік алды және оқулық аудармасының авторы, КазГЮУ қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Ұлан Еркінбаевпен кездесті, ол бүгінде жаңа басылымды аударуға кіріскен.

Сондай-ақ, жаңа оқулықтармен білім алатын саясаттану кафедрасының магистранттары мен докторанттары өз пікілерімен бөлісті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар