Астанада салмағы 5,4 келі сәби дүниеге келді

20 Декабря, 2017, 16:05 2562
Астанада салмағы 5,4 келі сәби дүниеге келді |  | BNews.kz

Елордалық № 3 перинаталдық орталықта салмағы 5 400 грамм қыз бала дүниеге келді, деп хабаралайды BNews.kz  елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, ол Астанада соңғы 20 жылда осындай салмақта туған үшінші қыз бала.

«Нәресте 13 желтоқсанда дүниеге келді, оның туған кездегі салмағы 5 400 грамм болды. Босану еш қиындықсыз өткен. Босанғаннан кейінгі кезең де қалыпты болды. Сәби мен оның анасының жағдайы қалыпты күйінде үйіне шығарылды», - деді № 3 перинаталдық орталықтың босану бөлімінің меңгерушісі Эльмира Әлімжан. 

Ата-анасы екі ұлдан соң туған қызының есімін Жаннұр деп қойыпты. 

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, бас қалада салмағы 5 584 грамм болған алғашқы алып қыз 2003 жылы № 2 перинаталдық орталықта туған. Ал 2014 жылы дүниеге келген екінші осындай қыздың салмағы 5 750 грамм болды. Сондай-ақ, осы жылы елордадағы  салмағы 5,5 кг ұл бала дүниеге келді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13855

Похожие новости