Астанада "Шабыт" фестивалінің шымылдығы ашылды

Написать нам
06 қараша, 2018, 12:40 2370
Астанада

Осы жылы байқауға қатысуға 613 адам ниет білдірген.

Елордада XXI "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалі басталды. Жас таланттар асыға күтетін байқаудың ашылуына арналған салтанатты шара Бейбітшілік және Келісім сарайында өтті, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев конкурсанттарға сәттілік тілеп, елорда басшылығының атынан байқауды дайындап, ұйымдастырғандарға, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері мен қонақтарға , "Шабыт" фестиваліне келген танымал өнер шеберлеріне алғысын білдірді. 

"Мемлекет басшысы қазақстандық жастардың шығармашылығын дамытуға айырықша көңіл бөледі. Жақында халыққа Жолдауында Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келесі жылды жастар жылы деп жариялады. Бүгінде жер-жерлерде және мемлекеттік деңгейде, Астана әкімдігінің деңгейінде үлкен кешенді бағдарлама әзірленуде, онда жастарды, оның ішінде еліміздің және елордамыздың шығармашыл жастарын қолдаудың түрлі шаралары қарастырылады. Осымен, "Шабыт" 21-рет өткізіліп отыр. Фестиваль елордамызбен бірге дүниеге келіп, бірге жасап, өркендеп келеді, шығармашылық пен өнер шыңдарын бағындыруда", - деді Ермек Аманшаев.

"Шабыт" фестивалінің салтанатты ашылуы биылғы номинациялар бойынша бәсекеге түсетін конкурсанттардың өнер көрсетуімен жалғасты. 

Осы жылы байқауға қатысуға 613 адам ниет білдірді. Олардың басым бөлігі Астананың намысын қорғайды. Жылдан жылға қатысушылар географиясы кеңейіп, қазылар алқасы мүшелерінің саны артуда. Конкурсанттар арасында Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Израиль, Башқұтстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінің де өкілдері бар.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар