Астанада шие бағы пайда болады

28 сәуір, 2018, 14:57 3762 Астана
Астанада шие бағы пайда болады

Елордада "Болашақ бағы" атты науқан өтті.

Астанада "Болашақ бағы" атты науқан өтіп, "Астана – таза және қауіпсіз қала" экологиялық айлығы аясында Пушкин көшесінің бойындағы гүл бағында 300 шие көшеті отырғызылды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның бастамасымен өткен шараға Астана әкімдігінің өкілдері, қалалық маслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысты.

Аудан әкімі Ерлан Каналимовтың мәліметіне сүйенсек, жалпықалалық тазалық айлығының соңына дейін 1000 шие көшеті отырғызылады деп жоспарлануда.

"Аудан жаңа құрылып жатқандықтан Халықаралық бағдарламалар орталығы шие аллеясын сыйлауды ұйғарып, бізге осындай ұсыныс түсірген болатын. Біз бұл бастаманы қолдадық. Бүгін міне, Ақбұлақтың бойында 300 шие көшетін отырғызып жатырмыз. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Тәшенов, Пушкин және Ақжол көшелерінде де ағаш егетін боламыз. Сондай-ақ, аула ішіндегі аумақтарда да абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз", – деп мәлімдеді Ерлан Каналимов.

Еске сала кетейік, жалпықалалық "Астана – таза және қауіпсіз қала" экологиялық айлығы 12 мамырға дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар