Астанада сириялық екі азамат жалған төлқұжатпен ұсталды

21 тамыз, 2017, 10:43 702
Астанада сириялық екі азамат жалған төлқұжатпен ұсталды

«Астана» шекаралық бақылау бөлімінің жасағы жалған төлқұжатпен  Астана-Лондон рейсімен ұшпақ болған Сирияның екі азаматын  ұстады, деп хабарлайды Вnews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сириялықтар Болгария азаматының төлқұжатымен шекара аспақ болыпты.

«Құжаттар ішінара қолдан жасалған- құжаттың мәліметтер көрсетілген парақтары ауыстырылған. Ұсталғандардың айтуынша, олар өмірлерін жақсарту үшін Ұлыбританияға кетпекші болған. Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары мен өзара бірге жұмыс істейтін органдар өкілдері хабардар етілді», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жалған төлқұжат

Читайте также

Похожие новости