Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

22 қараша, 2018, 12:09 1799 Астана
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Іс-шараның негізгі міндеті – терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күш-құралдарының дайындығын тексеру.

Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы оқу-жаттығулар жиынын өткізеді, деп хабарлады Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

​"22 қараша күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы Астана қаласының "Алматы" аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді", - делінген хабарламада. 

Іс-шараның негізгі міндеті – терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күш-құралдарының дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу кезінде кейбір шектеуліктер болады. 

Осыған орай Астана қаласының полиция департаменті қала қонақтары мен тұрғындарын сабырлық сақтап, түсінушілік танытуын сұрайды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар