Астанада төрт мыңнан астам фото қойылған 40 метрлік ірге пайда болды

09 шілде, 2018, 12:24 1376 Астана
Астанада төрт мыңнан астам фото қойылған 40 метрлік ірге пайда болды

Елорданың 20 жылдығына арналған "Астананың 20 қыры" атты фотобайқау өтуде. 

Астанада төрт мыңнан астам фото қойылған 40 метрлік ірге пайда болды. "Астананың 20 қыры" байқауының аясында өткен "Астана в фокусе" жобасына өзінің Астанаға деген көзқарасын фото арқылы білдірген 500-ге жуық адам қатысқан, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

5 апта ішінде 10 кездесу өтті. Онда кәсіби және әуесқой фотографтар бірге жиналды. Олар Астананың көрікті жерлерін жан-жақты түсірген. Мысалы, "Нұрлы жол" темір жол вокзалы, аэропорт, опера және балет театры. 

"Бұл жобаны осы қысқа мерзімде осынша адамды жұмылдыра алған әлемдік жоба деуге болады", - "Астана в фокусе" жобасының авторы және кураторы Елена Сорокина.

Айта кету керек, байқаудың бір бөлігінде ұялы телефонға түсірілген фото жеңіске жетті және байқау танымдық жағынан өте қызықты болды. Әр кездесуден соң Беларусьтан келген фотограф фотолардан бейнетаным жасалып, барлық қатысушыға көрсетіліп отырды.

Жоба архитекторлық мектеп сияқты болып шықты және ұзындығы 40 метрлік іргеге Астана туралы эмоцияға толы 4 мыңнан астам фото қойылды. Фотолардан жасалған іргені қалалық саябақта және амфитеатрда көруге болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар