Астанада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев туралы фотокөрме өтеді

22 Ноября, 2018, 17:33 3489
Астанада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев туралы фотокөрме өтеді |  | BNews.kz

Экспозицияға "Тәуелсіздік сарайы" МҚКК фотожинақтамасы енді.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 қарашада Тәуелсіздік сарайында "Елбасы арманы – асқақ Астана" атты фотокөрме ашылады, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Мәдениет және спорт басқармасында белгілі болғандай, фотокөрменің негізгі мақсаты – идеялар мен Мемлекет басшысының саясаты төңірегінде қоғамды біріктіру, жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, насихаттау.  

"Экспозицияға "Тәуелсіздік сарайы" МҚКК фотожинақтамасы енді. Көрмеге Мемлекет басшысының ағарту қызметі, бастамасы мен негізгі идеялары, тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарын бейнелейтін иллюстрация, экономикалық және саяси жетістіктер, Тұңғыш Қазақстан Президенті - Ұлт Көшбасшысының заманауи тарихымыздағы ролі туралы фототүсірілімдер қойылады", - делінген хабарламада. 

Фотосуреттерде авторлар Тәуелсіз Қазақстанды дамыту жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін көрсетуге тырысқан.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13849

Похожие новости