Астанада Тұңғыш Президент күніне арналған концерт өтті

28 қараша, 2018, 16:39 1609 Астана
Астанада Тұңғыш Президент күніне арналған концерт өтті

Ақындар мен композиторлар Ұлт көшбасшысының жолы мен оның жетістіктері туралы жазылған туындыларын паш етті.  

Астанадағы "Жастар" сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Азаттық – ұлттың ары, Елбасы – елдiң бағы" атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында еліміздің барлық облыстарында ғылыми конференциялар, мәдени және спорттық шаралар өтуде.

"Жастар" театрында Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актерлері Керей мен Жәнібек хандарының тұсындағы кезеңнен Алаш Ордаға дейінгі мемлекеттің құрылу тарихын, Тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихын еске салды. Актерлер тарихи кезеңді сахнада асқан шеберлікпен орындап, көрермендер ықыласына бөленді.  

Концертте "Шалқыма" би ансамблі биден шашу шашып, ақындар мен композиторлар Ұлт көшбасшысының жолы мен оның жетістіктері туралы жазылған туындыларын паш етті.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар